You are here
Лизинг артықшылықтары
Лизинг — компанияның негізгі қорларын қаржыландырумен байланысты қаржы қызметі түрі.
Лизинг алушы үшін лизингті пайдаланудың негізгі артықшылығы, жабдықты лизингке алудың қарапайымдығы болып табылады. Сонымен қатар, лизинг, лизинг алушыға алынған жабдықты қаржылық лизинг Шарты әрекеті аяқталған соң, өз меншігіне аударуға мүмкіндік береді. Лизинг берушінің жабдыққа меншік құқығын сақтағанына қарамастан, ол лизинг алушы қаржылық лизинг Шарты бойынша өз міндеттемелерін орындаған жағдайында жабдықты алуға құқығы болмайды. Бұдан бөлек, лизингке алынатын заттарды сатып алу бойынша келісімді лизингілік компания толық қаржыландырады, осыған орай кәсіпорында үлкен қаржы қорларын жұмылдырусыз және ірі меншік құралдарын бір реттік қолданусыз немесе несиелендірусіз жаңа өндірісті ұйымдастыру және жаңғырту мүмкіндігі туады. Тағы бір маңызды мәселе, лизинг сызбасын қолдану кәсіпорынға теңгерім құрылымында, меншікті және қарыз қаражаты арақатынасы бөлігінде, өзінің экономикалық көрсеткіштерін төмендетпеуге мүмкіндік береді. Басқа сөздермен айтсақ, лизинг кәсіпорынның шамадан тыс несиеленбеуі мүмкіндігін береді.
Лизингтің банк несиелеріне қарағанда басты артықшылығы кәсіпорындар үшін үлкен қол жетімділігі болып табылады. Бір де бір банк мысалы, «нөлден басталатын» жобаларды, сонымен қатар жеткілікті қамтамасыз етілмейтін немесе тұрақты несиелік тарихсыз жоғары тәуекелді жобаларды қаржыландырмайды. Лизингілік компаниялардың қызметі қатаң реттелмейтіндіктен, жабдықты лизингке беру рәсімі несиелендіруге қарағанда қарапайым болады.
«ҚДБ-Лизинг» АҚ құралдары лизинг алушы кәсіпорынның қызметі бағыттарына, оның мүмкіндіктеріне, жоба мөлшеріне және дербес артықшылықтарға байланысты ұсынылатын қаржы лизингілерінің әралуан түрлерінен тұрады.
«ҚДБ-Лизинг» АҚ компаниясы келесі қаржылық лизинг сызбаларын ұсынады:
Классикалық;
Халықаралық лизинг;
Даму институтының қатысуымен орын алатын лизинг;
Қайтармалы;
1. КЛАССИКАЛЫҚ ЛИЗИНГ.
«ҚДБ-Лизинг» АҚ классикалық лизинг үлгісі бойынша Лизингтік келісімдер жасағанда, әлеуетті Лизинг алушы мүмкін болатын лизингтік келісімді қаржыландыруға өтініш береді. Лизингтік келісімді қаржыландыру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, «ҚДБ-Лизинг» АҚ лизингке алынатын затты Лизинг алушымен Қаржылық Лизинг Шартын және Лизинг лизингке алынатын затты Жеткізушімен Лизинг алушы арасында Сатып алу – Сату Шартын жасау жолымен лизингке алынатын затты лизингке алуды қаржыландырады.
2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛИЗИНГ.
Халықаралық лизинг бойынша лизингілік келісімдер жасағанда, әлеуетті Лизинг алушы жабдықтарды және/немесе басқа техниканы алуды білдіретін, мүмкін болатын лизингілік келісімді қаржыландыруды қарастыратын өтініш береді. Мұнда, әлеуетті Лизинг алушы – Қазақстан Республикасы бейрезиденті болып табылады.
3. ҚАЗАҚСТАН ДАМУ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ОРЫН АЛАТЫН ЛИЗИНГ.
Қазақстанның даму институттарының қатысуымен лизингілік келісімдер жасағанда, Лизинг алушы инвестициялық жобаны жүзеге асыру шеңберінде жабдықтарды және/немесе басқа техниканы алуды білдіретін, мүмкін болатын лизингілік келісімді қаржыландыруды қарастыратын өтініш береді. Бұл жерде, жобаға «ҚДБ-Лизинг» АҚ бөлек Қазақстанның даму институттарының кем дегенде біреуі қатысады.
4. ҚАЙТАРМАЛЫ ЛИЗИНГ.
«ҚДБ-Лизинг» АҚ қайтармалы лизинг сызбасы бойынша лизингілік келісімдер жасаған жағдайда, әлеуетті Лизинг алушы лизингке алынатын затты «ҚДБ-Лизинг» АҚ сатады, сосын осы лизингке алынатын затты лизингке алады, яғни, лизингке алынатын заттың жеткізуші ретінде және Лизинг алушы ретінде де қатысады. Қайтармалы лизинг, Лизинг алушыға байланысты капиталды лизингке алынатын затты сату есебінен уақытша босатуға және сол мезгілде, оны қаржылық лизинг құқығында іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Лизинг бойынша барлық төлемдерді төлегеннен кейін, Лизинг алушы, лизингке берілген лизингке алынатын затқа Қаржы Лизингтік Шартқа сәйкес меншік құқығын алады.