+7 (7172)

79-05-45

қабылдау бөлмесі
Компанияның даму стратегиясы
Басқа коммерциялық компаниялардан ерекшелігі, «БРК-Лизинг» пайда табуға емес, республиканың индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес келетін ірі ауқымды жобаларға инвестициялауға негізделген. Өңдеуші өнеркәсіп, өндіірстік және көліктік инфрақұрылым экономиканың басым секторлары болып табылады. «БРК-Лизинг» АҚ-ның басты бағыты халықаралық маңызға ие озық жобаларды; технологиялық байланысқан өндіріс тізбектерін құрайтын, қосымша құны жоғары өнім шығаратын, қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтарға шығуы тұрғысынан перспективалық болып келетін жобаларды іске асыру болып табылады.
Қызметтің басым бағыттары
“Келсілерді жасау мен дамытуға бағдарланған жобалар Компания қызметінің негізгі бағыттары болып табылады:
1) инфрақұрылым нысандары (энергетикалық, көліктік, телекоммуникациялық, туристік);
2) инвестициялық жоба аясында шикізатты өндіру және/немесе сатып алу, тасымалдау, оны қайта өңдеу және дайын өнімді өткізуді қоса алғанда, өнеркәсіптік өндіріс
3) инвестициялық жоба аясында шикізатты өндіру және/немесе сатып алу, тасымалдау, оны қайта өңдеу және дайын өнімді өткізуді қоса алғанда, ауыл шаруашылық өндірісі
4) қызмет көрсету саласында (коммерциялық негізде): утистік, экологиялық, медициналық, оқу, спорт-сауықтыру және қонақ үйлік
5) шетелде іске асырылатын және Қазақстан Республикасының инфрақұрылымын, транзиттік әлеуетін, қазақстандық тауарларды, жұмыстарды, капиталы қызметтерін экспорттауға ықпал ететін жобалар
Сонымен қатар 2009 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі машинажасауды еліміздің индустриялық басымдықтары тізбесіне қосты.”
Top