+7 (7172)

79-05-45

қабылдау бөлмесі

Байбазаров Нұрлан Серикұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі

Туған күні: 10.10.1975 ж.

Білімі:

Оқу орының атауы: Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясы, Алматы қ.

Факультет: Қаржы және несие

Мамандық: Банк ісін ұйымдастыру

Біліктілік: экономист, Үздік диплом

Жұмыс тәжірибесі:

18-жылдық жұмыс стажы бар, оның 7 жылы – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басшы лауазымдарда қызмет атқарды.

1997 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс істеген.

2004 жылдан бастап 2011 жылға дейін Жобалардың агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, Инвестициялық жобалар бойынша басқарушы директор, Корпоративтік дамыту департаментінің директоры, ҚДБ корпоративтік хатшы лауазымдарда қызмет атқарған.

2013 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментін басқарды.

Бұдан басқа, түрлі жылдарда ұлттық компанияларда жұмыс істеді: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ.

«Ерең еңбегі үшін» медальмен марапатталды.

2016 жылдың 22 шілдеден бастап Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма Төрағасы болып табылады.

Рахметуллин Ержан Даулеткереевич

Басқарма төрағасының орынбасары

Туған күні: 09.03.1975 ж.

Білімі:

1997 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын 1997 жылы «Жезказганконтракт» АҚ заңгер болып бастады.

1997 жылдан бастап 2005 жылға дейін құқық қорғау органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет істеді: прокурордың көмекшісі, Қарағанды облыстық прокуратурасының тергеу басқармасының прокуроры, ҚР Бас Прокуратурасында Алдын-ала тергеу заңдылығын қадағалау департаментінің ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің аға прокуроры, Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарының прокуратурасында жұмыс істеген.

2005 – 2008 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Квазимемлекеттік секторда жұмыс тәжірибесі бар – «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС. Сонымен қатар, «Атамекен» ҚҰЭП Басқарушы директор, «Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» ЖШС Басқарушы директор ретінде жұмыс істеу тәжірибесі бар. «ҚДБ-Лизинг» АҚ –та тағайындалғанға дейін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕҰ Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы лауазымында қызмет атқарды.

Директорлар кеңесінің  2016 жылғы  4 қазандағы шешімімен «ҚДБ-Лизинг» АҚ Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Ибрашева Жанар Шатырхановна

Басқарма төрағасының орынбасары

Туған күні: 31.03.1979 ж.

Білімі:

2000 жылы «Тұран» университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді.

Қазіргі уақытта Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында экономика факультетінде оқиды (магистратура).

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда облысында аудандық Қазынашылық бөлімінде Республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі бас қазынашысы болып бастады.

2002 – 2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде бас маман, үкімет міндеттемелері бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

2007 жылғы қазан айынан бастап «ҚДБ-Лизинг» АҚ – та әр түрлі лауазымдар атқарды: Жоспарлау және корпоративтік қаржы департаменті директорының орынбасары, Жоспарлау және корпоративтік қаржы департаментінің директоры.

Директорлар кеңесінің  2016 жылғы 4 қазандағы шешімімен «ҚДБ-Лизинг» АҚ Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Гаппаров Ринат Эдуардович

Басқарма төрағасының орынбасары

Туған күні: 18.04.1971 ж.

Білімі: 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

1993-1994 жылдары Басқару, бақылау және есептілік жүйесі: EUROCIS/European Fund for Management Development, Франция, Италия.

2005 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің экономика факультетін бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын 1995 жылы  «ABN AMRO Bank Kazakhstan» ЕБ ЖАҚ Тәуекел-менеджмент департаментінде бас менеджер, Синдицирлік қарыздар бөлімінің басшысы, Кастодиальдық және тіркеу қызметтерін енгізу жөніндегі жобаның басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

2003 -2007 жылдары «КазАвтоТех» ЖШС директоры болып жұмыс істеді («Техснаб-К» компаниялар тобы).

2007 жылғы шілдеден бастап 2013 жылғы қаңтарға дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Тәуекел-менеджмент департаментінің директоры, Жобалау дирекциясының басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

Жеке меншік құрылымдарда қаржы директоры қызметінде тәжірибесі бар.

Директорлар кеңесінің  2016 жылғы  4 қазандағы шешімімен «ҚДБ-Лизинг» АҚ Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Top