+7 (7172)

79-05-45

қабылдау бөлмесі

Әубәкіров Думан Бауыржанұлы

Думан Әубәкіров 06.01.1981 ж. туды.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің экономика факультетін «Әлеуметтік саласындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.

Аубакиров Думан кәсіби қызметін Ақмола облысының Егіндікөл ауданы Әкімінің апппаратында маман ретінде, кейін аудан әкімінің кеңесші ретінде бастады.

2003 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінде Кірістерді талдау және ағымдағы болжамдау басқармасының жетекші маманы тәжірибесіне ие болды.

2004-2007 жылдар аралығында Кірістерді талдау департаментінің бас маманы, Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.

Аубакиров Думан «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2007 жылдың 31 шілдесінде №5 Басқарушы директор кеңсесінің маманы лауазымына қабылданды, Банктегі жұмыс уақыты ішінде Маман, Фронт-менеджер, Бас фронт-менеджер, Жобалық Дирекция Басшысының Орынбасары, Жобалық Дирекция Басшысы қызметтерін атқарды.

2015 жылдың ақпанынан бастап Д.Б. Аубакиров «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарушы директоры қызметін атқарады.

2017 жылдың ақпанынан бастап «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі.

Жетекшілік ететін мәселелер: әлеуетті Қарызгерлерді іздеу және тарту, Даму Банкінің несие саясатын жүзеге асыру мәселелерін ұйымдастыру және үйлестіру, Банктің несие қоржынын басқару.

Әміртаев Асқар Сапарұлы

1983 жылдың 29 қыркүйегінде туды.

Ол «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылады. 2010 жылы Уорвик Университетін (Ұлыбритания) «Халықаралық корпоративтік басқару және қаржылық реттеу» мамандығы бойынша бітірді. Сонымен қатар 2004 жылы Заң институтын (Алматы қ.) «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірді. Құқық магистрінің дәрежесіне (LLM) ие.

2008 жылдан 2014 жылға дейін қаржы ұйымдары мен даму институттарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Астана-финанс» Банкі» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «КазАгроФинанс» АҚ, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ. Мансаптық қызметін 2004 жылы мемлекеттік қызметте бастады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ға тағайындалуыдан бұрын «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ-да Құқықтық қолдау көрсету депаратментінің директоры болып жұмыс істеді.

2014 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да Басқарушы директор болып тағайындалды.

2015 жылдың қазанынан бастап – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі.

«Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС Қадағалау кеңесінің мүшесі.

Жетекшілік ететін мәселелер: Банк қызметіне құқықтық қолдау көрсету, құқықтық сараптау және жобаларды сүйемелдеу; Банктің мемлекеттік органдармен жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру; Банктің кінарат-талаптық жұмысын, сонымен қатар стресті активтерімен жқмысты ұйымдастыру және үйлестіру; комплаенс тәуекелдерді басқару мәселелеріне құқықтық қолдау көрсету; Банктің және оның қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру.

Байбазаров Нұрлан Серикұлы

Туған күні: 10.10. 1975 г.

Директорлар кеңесінің мүшесі

Білімі:

Оқу орының атауы: Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясы, Алматы қ.

Факультет: Қаржы және несие

Мамандық: Банк ісін ұйымдастыру

Біліктілік: экономист

Үздік диплом

Жұмыс тәжірибесі:

18-жылдық жұмыс стажы бар, оның 7 жылы – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басшы лауазымдарда қызмет атқарды.

1997 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс істеген.

2004 жылдан бастап 2011 жылға дейін Жобалардың агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, Инвестициялық жобалар бойынша басқарушы директор, Корпоративтік дамыту департаментінің директоры, ҚДБ корпоративтік хатшы лауазымдарда қызмет атқарған.

2013 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментін басқарды.

Бұдан басқа, түрлі жылдарда ұлттық компанияларда жұмыс істеді: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ.

«Ерең еңбегі үшін» медальмен марапатталды.

2016 жылдың 22 шілдеден бастап Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма Төрағасы болып табылады.

Абдрахманов Есиркеп Онлабекович

Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор)

Білімі
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1966), физик. Шет тілдер Алматы педагогикалық институты (1969), ағылшын тілі мұғалімі

Жұмыс тәжірибесі

Қазақстан Ғылым академиясының инженері, аға инженері, кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері (1968 – 1990);

ИЯФ жанындағы  тәжірибелік-эксперименттік өндірістің атқарушы директоры (1990);

СКБ бастығы, Қазақ мемлекеттік университеті ИВЦ бастығы (1990-1993);

«Байқоңыр» ғарыш алаңы басқарма бастығының бірінші орынбасары (1993-1994);

Радиоэлектроника және байланыс бойынша ұлттық орталығы Бас директордың орынбасары (1994-1995);

Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы, бастық орынбасары, басқарма бастығы (1995-1997);

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік даму департаментінің директоры (1997-1999);

Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің Салалық саясат департаментінің директоры (1999-2000);

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Салааралық үйлестіру департаментінің директоры, Өнеркәсіп және инфрақұрылым салалары  департаментінің директоры (2000-2002);

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Қорғау өнеркәсіп жөнінде комитеті төрағасының орынбасары (2002-2003);

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Технологиялар даму департаментінің директоры, Инновациялық саясат және жаңа технологиялар даму департаментінің директоры (2003-2004);

«Kazakhstan Engineering» ҰК» АҚ Техникалық саясат департаментінің директоры, Президент кеңесшісі, Қазақстанның машина жасаушылар одағының атқарушы директоры (2003-2007);

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрдің кеңесшісі (2007-2008);

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ арнайы басқарма бастығының орынбасары – 2-ші бөлімнің бастығы (2008-2009);

«ЦИТТ» АҚ сарапшысы (2009);

«Центр инжиниринга и трансферта технологий» АҚ Басқарушы директор (2010-2011);

«Ұлттық инновациялық қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының кеңесшісі (2011-дан – 2012-дейін);

«Казсолвер» ЖШС Бас директордың кеңесшісі (2012-дан);

Кадр және сыйақы жөнінде комитеттің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау жөнінде комитеттің мүшесі. 06.03.2009-дан Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры.

Нұржан Ержанович Алимухамбетов

Туған күні: 07.11. 1959 ж.

Дәрежесі: бизнес-әкімшіліктендіру магистры

Білімі:

1983 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын    шөп үстіндегі хоккей мамандандыру  бойынша бітірді.

1991 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институттың аспирантурасын (күндізгі бөлім) бітірді. Диссертация тақырыбы: Әлеуметтік-техникалық үздіксіздікті басқарудың негіздері.

2000 жылы Халықаралық бизнес академиясының магистратурасын бітірді. MBA дәрежесі, мамандандыруы: стратегиялық және операциондық маркетинг.

Жұмыс тәжірибесі:

1992-1998 жылдары Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қордың сыртқы экономикалық байланыстар бойынша директоры, бас директоры болып жұмыс істеген.

1998-2009 жылдары – «Қазақстан Халық Банктің жинақтаушы зейнекақы қоры» АҚ Вице-президенті, Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.

2009-2013 жылдары – «Мемлекеттік  аннуитеттік компания» өмір сақтандыру бойынша компания» АҚ  Басқарманың Төрағасы.

2013-2016 жылдары – «Trust Insurance» СК» АҚ  Басқарма Төрағасының кеңесшісі.

2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Компетенц» СК» АҚ  Директорлар кеңесінің кеңесшісі.

Top