+7 (7172)

79-05-45

қабылдау бөлмесі

«ҚДБ-Лизинг» АҚ жалғыз акционері «Қазақстан Даму Банкі» АҚ больп табылады

АҚ болып табылады.

«Қазақстан Даму Банкі» АҚ 2001 жылдың 31 мамырында жабық акционерлік қоғам түрінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінде тіркелді және 2003 жылдың 18 тамызында Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарына сәйкес акционерлік қоғам түрінде қайта тіркелді.

Банк міндеті Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді орнықты экономикалық өрлеуіне коммерциялық негізде, ел экономикасының бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторының жедел дамуына, екінші деңгейлі банктер қамсыздандырмайтын инвестициялық қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен қол жеткізуге көмектесу.
Банктің қызмет көрсету аясы:
– өңдеуші өнеркәсіп, өндірістік және көлік инфрақұрылымы;
– ірі (5 млн. АҚШ долларынан артық) өтелімділігі ұзақ мерзімді капиталды қажет ететін инвестициялық жобалар;
– қазақстандық тауар өндірушілері өнімдерін экспорттауға көмектесу.
Банк Қазақстан Республикасы «Банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес, Заңмен анықталатын ерекше құқықтық мәртебеге ие.
Заңға сәйкес, Банк қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметтердің тиімділігін арттыру және жетілдіру, өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға көмектесу болып табылады.
Банк міндеттері: 
– орта мерзімді (5 жылдан 10 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (10 жылдан 20 жылға дейін) инвестициялық жобаларды несиелеу;
– несиелеу, оның ішінде қазақстандық өнімді жеткізушіге-резидентке, сонымен қатар қазақстандық өнімді сатып алушы-бейрезидентке қарыздар беру жолымен экспорттық операцияларды бірлесіп қаржыландыру;
– Даму Банкі қаржыландыратын жобаларды жүзеге асыру шеңберінде қарыз алушылардың ағымдағы қызметін қаржыландыру, жобалық қаржыландыру, мезониндік қаржыландыру;
– Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік секторын басқа несиелеу институттары ұсынатын несиелер мен қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер беру жолымен несиелеуді ынталандыру, сонымен қатар бірлесіп қаржыландыруды, банкаралық несиелеуді жүзеге асыру;
– Қазақстан Республикасы Үкіметі жүзеге асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландыру механизмдерін жетілдіру;
– Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес басқа да міндеттер.
Top